Новости Казахстана14 июня 2023, 22:59

Ақтөбеде есірткі жасырып жүрген әйел адам ұсталды

Ақтөбе полицейлері есірткі таратушы әйелді қолға түсірді, деп хабарлайды Arbat.media.
 
Polisia.kz-тің жазуынша Ақтөбе облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері “Қарасора” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жедел шаралар жүргізу барысында бау-бақша ұжымдарының бірінен Ақтөбе қаласының 29 жастағы тұрғынын ұстаған.
 
Жеке тінту барысында әйел адамның қалтасынан салмағы 0,75 грамды құрайтын ұнтақ зат салынған бір орам табылып, тәркіленді. Әрі қарай ұсталғанның мекенжайын тінту барысында есірткі заттары салынған 10 пакет пен электрондық таразы табылып, тәркіленді.
 
Тергеу амалдарын жүргізу барысында күдіктінің бұған дейін бау-бақша ұжымдары аумағындағы 4 жерге есірткі қойғаны анықталды. Тексеру кезінде ұнтақ зат салынған 70 орама табылып, тәркіленді. Тәркіленген прихотроптық заттардың жалпы салмағы 1 келіден асады.
 
Бұл екі мыңнан астам бір реттік дозаны құрайды. Күдікті Ақтөбе қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 
Ақтөбе облысы Есірткі Сауда

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!