Placeholder
Новости Казахстана20 июня 2023, 21:30

Ақтөбеде егде жастағы қарт әйел адамды скутермен қағып кетті

Ақтөбе облысында скутер мінген ейнеткер жаяу жүргіншілер жолағында әйел адамды қағып, қиға орнынан қашып кетті, деп хабарлайды Arbat.media.

Оқыс оқиға бірнеше күн бұрын Ақтөбе қаласында болған. Облыс орталығындағы Сәңкібай батыр даңғылында скутердегі ер адам жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан әйелді қағып өте шыққан. Жол-көлік оқиғасынан кейін скутердің жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткені белгілі болды. 

Полиция қызметкерлері іздестіру іс-шаралары барысында 73 жастағы зейнеткерді анықтап, полиция бөліміне жеткізген.

Қазір аталған ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК 615-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылғаны белгілі болды. 

Ақтөбе облысы Жол апаты Скутер

Новости по теме