Placeholder
Новости Казахстана11 июля 2023, 21:19

Ақтөбе облысында жол апатынан екі адам қайтыс болды

Ақтөбе облысында жол апатынан екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды Arbat.media.

Қайғылы оқиға бүгін күндізгі сағат 12:30-да Ақтөбе-Орынбор автожолының 20 шақырымында орын алды. ВАЗ-2111 және ВАЗ-2115 автокөліктерінің соқтығысуы салдарынан екі адам қайтыс болған.

Жол апаты кезінде екі көлік жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Үш жолаушы жедел түрде ауруханаға жеткізілді. ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды,- деп жазылған облыстық ПД таратқан ақпаратта. 

Бұған дейін Ақтөбе облысында жол апатынан 4 адам қайты болған еді. 

 

Ақтөбе облысы Жол апаты

Новости по теме