Новости Казахстана14 сентября 2023, 9:30

Ақтөбе «Күнделік» электронды журналынан бас тартты

Ақтөбеде «Күнделік» электронды журналынан бас тартып, «Білім класс» журналын қолдана бастады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл өңірде «Ақтөбе облысындағы шағын жинақты мектептердің әлеуетін арттыру» атты пилоттық жоба жүзеге асырылып жатыр.

Ақтөбе облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Бертілеуова былай деді: 

Әр аудан орталығындағы 12 мектеп, 134 шағын жинақты мектепті жабдықтауға 5 млрд бөлінеді. 12 мектеп түгел жаңартылып, оған 3 млрд жұмсалады. Ал 134 шағын мектепке  2 млрд қарастырылған. Онда екі кабинетке компьютер, интерактивті тақта алынады. «Білім класс» журналын қолданудың өз артықшылығы болады. Мұнда ауыл мектептерінің мұғалімдеріне электронды нұсқада дайын материалдар жүктеледі. Бүкіл цифрлық ресурсты тегін қолдана аламыз. Онда 26 мыңнан астам сабақ, 8 мыңға жуық пайдалы ақпарат орналастырылған. Бәрі мұғалімге, оқушыға қолжетімді. 

 

Ақтөбе күнделік бас тарту

Новости по теме