Placeholder
Фото: АҚШ елшілігі
Новости Казахстана30 сентября 2023, 9:30

АҚШ елшісі: Қазақстанның неліктен Ауғанстанмен қарым-қатынас орнатқанын түсінеміз

АҚШ елшісі Дэниел Розенблюм Қазақстанның неліктен Ауғанстанмен қарым-қатынас орнатқанын түсінетінін айтты, - деп хабарлайды Arbat.media

Ауғанстан тақырыбы және оның аймақтағы орны – біз жергілікті серіктестермен жиі талқылайтын нәрсе. Бұған дейін айтқанымдай, Қазақстанның барлық көршілерімен жақсы қарым-қатынасты сақтау қажеттілігі Ауғанстанға да қатысты. Біз Қазақстанға неліктен Ауғанстанмен өзара жемісті қарым-қатынас жасауы қажетін жақсы түсініп отырмыз. Дегенмен, Қазақстан Үкіметінің талибандармен қарым-қатынас туралы белгілі бір уағдаластықтар бар.

Бұл уағдаластықтар – тек АҚШ пен Қазақстан арасындағы емес, бүкіл халықаралық қоғамдастықта сақталатын қағидаттар. Яғни, Ауғанстанның қазіргі билігі белгілі бір шарттарды орындамайынша халықаралық деңгейде мойындалмайды. Әсіресе үш негізгі шарт – елдегі террористік топтарға қатысты батыл әрекеттер, елдегі барлық топтарды қолдайтын, фаворитизм мен артықшылық қағидаттарына негізделмеген инклюзивті үкімет құру, Ауғанстанның барлық азаматтарына, атап айтқанда әйелдер мен қыздардың құқықтарын қорғау және оларға білім алу сияқты негізгі құқықтарды беру.

АҚШ елшісі Қазақстан Ауғанстан қаоым-қатынас

Новости по теме