Новости Казахстана6 апреля 2023, 14:17

Ақмола облысында ауыл маңынан жарылғыш заттар табылды

Ақмола тұрғыны айдаладан танкке қарсы 6 мина мен 5 граната тапты, деп хабарлайды  Arbat.media.

Өңірдегі Жарқайың ауданына қарасты Тасты-Талды ауылының тұрғыны жарылғыш заттарды 4 сәуір күні даладан тауып алған. Ақмолалық азаматтың сөзінше, ол қара металды жинау кезінде арнайы құрылғының көмегімен  шамамен 50 см тереңдіктен алып шыққан.

Оқиға туралы ер адам бірден полицияға хабарлаған. Жедел – тергеу тобы мен сапер мамандары дереу жолға шықты. Табылған жарылғыш заттар, атап айтқанда, танкке қарсы 3 мина, жаяу әскерге қарсы 6 мина және F-1 және rid-5 моделді 5 гранаталары тексеріліп, олардың оқу-жаттығулық екені және өмірге қауіп төндірмейтіні туралы қорытынды шығарылды, - деді өңірдің ПД баспасөз қызметі. 

Сонымен бірге, полиция мен саперлер тобы жақын маңдағы аумақты тексеріп шыққан. Нәтижесінде жарылғыш заттарға ұқсас заттар табылмады. Аталған дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді, сараптамалар тағайындалды. Құқық қорғау органдары бұл заттардың айдалада қалай пайда болғанын анықтап жатыр.

Бұған дейін полиция еліміздің бірнеше аймағынанда жоғалған қару-жарақатарды тапты. Олардың дені қаңтар оқиғасында ұрланғаны белгілі болды. Оның ішінде Абай, Атырау, Жетісу облыстарында табылған  қару-жарақтардың күштік құрылымдарға тиесілі екенін анықтадды. 

Ақмола облысы Мина Жарылғыш зат полиция

Новости по теме