Placeholder
Новости Казахстана23 мая 2023, 22:35

Алматыдағы Аюсай шатқалында жоғалып кеткен аустаралия азаматының денесі табылды

Алматы тауларында жоғалып кеткен Аустралия азаматының денесін жедел-құтқару жасағы Аюсай шатқалынан тапты, деп хабарлайды Arbat.media.

Республикалық жедел-құтқару жасағы 21 мамыр күні 1995 жылы туған Аустралия азаматы Үлкен Алматы шатқалына қарай кетіп, ұзақ уақыт хабарсыз кеткеннен кейін іздеуге кіріскен. Полиция департаментіне оның жоғалып кеткенін хостелде бірге тұрған Ресей азаматы хабарлаған еді.

Олар Алматыға 20 мамыр күні таңертең туристік мақсатта келген. 22 мамырда таңғы сағат 7-де туристер кері ұшып кетуі керек болған, алайда оның құрбысы әуежайға жалғыз барыпты.

Туристі іздеуге 6 адамнан тұратын республикалық жедел-құтқару жасағының жедел құтқару тобы сағат 23.40-та олар іздеуге кіріскен.
 
Құтқарушылар екі топқа бөлініп, бір топ Аюсай шатқалына, екіншісі Проходное шатқалына қарай іздеуге шықты. Іздеу күні бойы, ауа райы қолайсыз болса да қайта жалғасқан.

Сағат 15:48-де ТЖМ республикалық жедел-құтқару жасағы жедел құтқару бөлімшесінің басшысы Бауыржан Арыстанбаев спутниктік байланыс бойынша ақпарат берді. Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел құтқару тобы Алматы қаласы әкімдігінің құтқару қызметімен бірлесе отырып, Аюсай шатқалындағы алғашқы сарқырама маңынан денені тапқан, - деп хабарлады ТЖМ РЖҚЖ баспасөз қызметі.

Аустралия Аюсай Іздеу

Новости по теме