Алматыда шетелдік әйелді итеріп құлатқан полиция жұмыстан шығарылды
Алматыда қызметтік көліктің есігін ашпақ болған шетелдік әйелді жерге құлатқан полицей жұмыстан шеттетілді, деп хабарлайды Arbat.media.
Алматы қалалық полиция департаменті тәртіп сақшысының сабырсыздық танытып, өрескел әрекетке баруына байланысты арнайы шара қолданғанын мәлімдеді. Ол іс-әрекетімен қоғамда наразылық тудырып, сынға ұшыраған болатын.
Тәртіп бұзған қызметкер 14 маусым күні жұмыстан шығарылды. Ол полицей ішкі істер саласында ұзақ жұмыс істемеді, – деді ПД-нің баспасөз қызметіндегідер.
Поделиться
Читать Arbat media в