Новости Казахстана30 марта 2023, 14:09

Алматыда биыл жаңа электр станциясы іске қосылады

"Нұршашқан" және "Қайрат" шағын аудандарын тұрақты электрмен қамтамасыз ету үшін биыл "Тұздыбастау" электр қосалқы станциясы пайдалануға беріледі, деп хабарлайды Arbat.media.

Жаңа қосалқы станция 2500-ден астам абонентті қамтымақ.

Қазіргі таңда подстанцияның өзі салынған, жеке меншік аумақтар арқылы кабель желісін жүргізу үшін инженерлік коридорды келісу мәселесі ғана қалып отыр, - деді Ерболат Досаев Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесуде.

2022 жылы Түрксіб ауданында 24 км жаңа электр желісі салынып, 13 трансформаторлық подстанция реконструкцияланды. Ал 2023 жылдың желтоқсанында "Әлмерек", "Нұршашқан" және "Шуақты" шағын аудандарында электр беру желілерін жаңғырту жұмыстары түбегейлі аяқталады.

Алматы Электр станциясы Энергия Жарық

Новости по теме