Placeholder
Новости Казахстана29 августа 2023, 20:31

Алматыда «Ақкент» тұрғын үй кешенінде тағы өрт шықты

Алматыда «Ақкент» тұрғын үй кешеніндегі тоғыз қабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінен тағы да өрт шықты, деп хабарлайды Arbat.media.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бүгін, 29 тамызда сағат  19:29-да Алатау ауданы Ақкент шағын ауданындағы тоғыз қабатты тұрғын үйден өрт шыққаны туралы ақпарат түскен. 

«Бесінші қабаттағы пәтердің ас бөлмесінде түтін сорғысы өртеніп, өрт 0,8 шаршы метрді қамтыды. №2 өрт дәрежесі расталмады. Зардап шеккендер жоқ», - делінген қалалық ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Алматы Өрт Ақкент Оқыс оқиға

Новости по теме