Новости Казахстана21 июня 2023, 18:00

Алматыда 26 тоннадан астам заңсыз жанармай айналымы анықталды

Алматыдағы жанар-жағармай құю бекеттерінде 26 тоннадан астам өнімнің заңсыз айналымы анықталды, деп хабарлайды Arbat.media.

Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, акцизделетін тауарлардың көлеңкелі айналымын анықтау мақсатында акцизделетін өнім нарығының субъектілеріне тұрақты түрде талдау жүргізіп жатыр. 

Тақырыптық салықтық тексеру жүргізу барысында Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының лауазымды тұлғалары 15 маусым күні бір салық төлеушіге тиесілі екі автомобильге жанармай құю бекетінде жалпы көлемі 26 295 литр болатын жанар-жағармай материалдарының заңсыз айналымын анықтады.

Оның ішінде мұнай өнімдерін есепке алмай сақтау және өткізу – «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Заңды бұзу. Бұл ретте Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 281-бабы 5-тармағы 8-тармақшасы бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Аталған деректер бойынша шешім қабылдау үшін іс материалдары Алматы қаласының сот органдарына берілмек. 

Алматы Жанармай Заңсыздық

Новости по теме