Placeholder
ото: Жетісу облысы ПД
Новости Казахстана8 сентября 2023, 12:00

Алматы-Өскемен тас жолында жұмысшыны көлік қағып өлтірді

Алматы-Өскемен тас жолының 410-шақырымында Toyota Camry көлігінің 22 жастағы жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып өлтірді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Жол ұйымының қызметкері жол-көлік оқиғасы кезінде жол белгілерін салып жатқан.

Соққыдан ер адам оқиға орнында көз жұмды.

Көлік апаты бойынша қажетті сараптама тағайындалған, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

 

Алматы Өскемен Оқыс оқиға Жол апаты

Новости по теме