Placeholder
Новости Казахстана1 апреля 2023, 21:40

Алматы облысында жол апатынан бес адам қайтыс болды

Алматы облысында ірі жол апаты орын алып, бес адам бақиға аттанды, деп хабарлайды Arbat.media.

Қайғылы оқиға 1 сәуір сағат 08:00 шамасында Алматы-Көкпек – Көктал автожолының болған.

"Audi 100 автокөлігінің жүргізушісі, Ұйғыр ауданының 43 жастағы тұрғыны Алматы-Көкпек – Көктал автожолының 196 шақырымында қарсы қозғалыс жолағына шығып, 1964 жылғы Б. есімді азаматтың басқаруындағы Audi С4 көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Жол апатынан Audi 100 жүргізушісі мен оның 3 жолаушысы, сондай-ақ Audi С4 жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Әртүрлі дене жарақаттары бар төрт жолаушы Шонжы ауылында орналасқан Орталық аудандық ауруханаға жатқызылды, деді ІІМ баспасөз қызметі. 

Қазір аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша Еңбекшіқазақ ауданының СДТБТ-да тіркеліп,  қажетті сараптамалық зерттеулерді тағайындаумен тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін Ақтөбе облысында жол апаты орын алып, екі ресейлік оқиға орнында өмірден өтті. Сонымен қатар, Жетісу облысында екі көлік соғылып, үш адам қайтыс болды. Одан сәл бұрын Маңғыстау облысында төрт адам мінген жеңіл көлік автовозға соғылып, қайтыс болған еді. Одан бөлек, Қызылорда облысында жол апатына төрт адам қайтыс болса, Шығыс Қазақстанда үш адам жол апатынан бақиға аттанды. Наурыз айының басында Ақтөбе облысында бір үйдің төрт адамы жол апатынан қаза тапты. Олардың бірі әкесі, қалған үшеуі балалар болған

Жол апаты өлім Алматы полиция

Новости по теме