Placeholder
mazhilis_kz
Новости Казахстана5 июня 2023, 17:10

Алматы облысында мектеп ғимараты 15 миллион теңгеге сатылды - депутат

Мәжіліс депутаты Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шалқар ауылында Ломоносов атындағы орта мектеп жекенің қолына 15 миллион теңгеге сатылып кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.media.

Мақсат Толықбай өңірдегі білім ошағының неліктен жеке адамдарға берілгенін түсіндіруді сұрады. Ол осыны мәселе етіп көтере отырып, жөндеу жұмыстары жасалған мектептің неліктен сатылғаны түсініксіз екенін атады. 

Ломоносов атындағы орта мектепке соңғы жылдары толығымен жөндеу жұмыстары жасалып, жаңадан спорт залын салып берді. Ауыл балалары қуанып жүргенде, мектепті жекенің қолына сатып жіберген. Кім сатады? Әрине, оны әкімдіктен басқа кім сатушы еді. Ол біреуден 15 млн теңгеге алып, одан тізбектеліп, әрі қарай 80 млн-ға басқа біреуге сатқан. Бұл мәселені прокуратураға айтып, қайда қарап отырғанын сұрадым. Олар «шамамыз келмейді» дейді. Сот біздің шағымымызды қабылдамайды деп отыр, - деді депутат.

Осыны айтқан М.Толықбай Алматы облысының әкіміне жекенің қолына өткен мектепті тез арада мемлекетке қайтару керегітін баса айтты. Сондай-ақ, мәселені шешуге тура екі ай уақыт беріп отыр. 

Ауылдағы құлайын деп тұрған үйдің өзі 17 млн теңге тұрады. Бір үлкен мектепті 15 млн теңгеге сатып жіберу деген сұмдық қой. Қай әкім тұсында қалай сатылғанын анықтау оңай емес, бәрін біліп отырмыз. Тез арада қайтарыңыздар, әйтпесе бүкіл фамилиясының соңына дейін жетемін, екі ай уақыт береміз, - деді Мақсат Толықбай.

Алматы облысы депутат Мектеп

Новости по теме