Новости Казахстана18 апреля 2023, 20:12

Алматы көшесінің бірінде автобус жолағымен жүруге рұқсат етілді

Қала билігі көлік жүргізушілеріне Райымбек даңғылында Сайын мен Яссауи көшелеріндегі жол учаскесінде автобус жолағымен жүруге рұқсат берді, деп хабарлайды Arbat.media.

Көлік көп жүретін уақыттан тыс кезде жүруге рұқсат етілді. Жұмыс күндері сағат 20.00-ден 6.30-ға дейін, ал демалыс және мереке күндері шектеусіз.

Көлік қозғалысына бұл жаңалықты енгізу арқылы демалыс күндері арнайы бөлінген автобус жолақтарын пайдалану мәселесі шешілмек. Тестілік режимде енгізіліп, 2023 жылдың соңына дейін жалғасады. Одан кейін салыстырмалы деректер негізінде көлік легін ұйымдастыру туралы шешім қабылданады, - деп хабарлады Алматы қаласы қалалық мобилділік басқармасы.

Алматы автобус жолағы Көлік жүргізушілер

Новости по теме