Placeholder
Новости Казахстана26 декабря 2022, 17:13

Әлеуметтік желіде "хитке" айналған имамға мүфтият өкілі ескерту жасады

Ел арасында танымалдыққа ие болған Нұрлан Асанов атты имамға қатысты белгілі дін ұстазы Қабылбек Әліпбайұлы ескерту жасады, деп хабарлайды arbat.media. 

Биыл әлеуметтік желі арқылы көпшілік арасында аса танымалдыққа ие болған имамның желі қолданушылары үшін ерекше адамға айналды. Тікелей эфирде уағыз айтып, көпшіліктің сауалына жауап беріп жүрген имамның кейбір сөздері жастар арасында "тұрақты сөз тіркестеріне" ретінде үнемі айтылып жүр.

Алайда Нұрлан Асановқа қатысты мүфтият өкілі, белгілі дінтанушы Қабылбек Әліпбайұлы қате жіберген тұстары көп екенін мысалға келтірді.

Қыз бала ажырасқаннан соң екінші адамға тұрмысқа шыға беруіне бола ма?" деген сұраққа "Өзі "айырылысты" деп аты айтып тұр ғой. Шыға берсін. Күйеуің жаман ойлап қалмас үшін бір етеккірің кеткенше күте тұр" деп жауап берген. Шариғат бойынша олай емес. Бір талақ бергеннен кейінгі уақыт "қайтарып алу" кезеңінде деп есептеледі. Күйеуі 3 айға дейін (3 етеккірі тазарғанға дейін) қайтарып ала алады. Бірақ, бір талақ түскен болып есептеледі. Болашақта да ашуға беріліп қалып, тағы да талақ айтса, ол кезде де жағдай осылай жүреді. Үшінші талақ кезінде де 3 ай күтіледі. Әйел кісі 3 етеккірін күту керек. Содан кейін ғана "басы бос" болып есептеледі. Егер келіншектің аяғы ауыр болса, бала босанғанға дейін оған ешкім сөз айта алмайды, ешкімге тұрмысқа шыға алмайды. Шариғат бойынша осы сынды дүниелер бар. Ол әркім айта беретін мәселе емес. Ол біреудің тағдыры. Оны өте жеңіл етіп, және оны өте қатты айтқан жерлерін айтып отырмын. Ол кісі өкінішке орай осындай көп өрескел қателіктерді жіберіп жатыр,  – деді Қабылбек Әліпбайұлы.

Нұрлан есімімен танымал болған имам биылғы жылдың қорытындысы бойынша телевизиялық шоуда «Үздік блогер» номинациясына лайық деп танылды. Әлеуметтік желіде оның айтқан жауаптары күрделі діни шарттарды көңілді жеткізуімен ерекшеленіп жүр. Сонымен бірге, оқырмандарға берген жауаптары көпшіліктің көңілін көтеруімен ерекшеленеді.  

Нұрлан Асанов бұған дейін Қарағанды, Қостанай, Алматы облыстарының аудандарында және Шығыс Қазақстан облыстық мешітінде діни қызметкер ретінде еңбек еткен. Сонымен, бірге 2015 жылы Ақтөбе облыстық "Нұр ғасыр" мешітіне бас имам болып тағайындалған. 

Нұрлан Асанов имам Қабылбек Әліпбайұлы Қоғам

Новости по теме