Placeholder
Новости Казахстана5 апреля 2023, 3:24

Әлемде дәулеті жағынан Илон Масктан да бай адамның есімі белгілі болды

Forbes журналының нұсқасы бойынша әлемдегі ең бай адамдар тізімін LVMH (Louis Vuitton Moet Hennessy) компаниялар тобының президенті Бернар Арно бастады, деп хабарлайды Arbat.media.

Forbes басылымының жазуынша, LVMH басшысының табысы мен акциялары рекордтық жоғары дәрежеге жеткен.  Қазіргі уақытта Арноның байлығы бір жылда 53 млрд долларға артып, жалпы саны 211 млрд долларға жеткен. Бұл миллиардерлер арасындағы ең көп табыс көрсеткіші болып отыр.

Бұрын көш басында тұрған Tesla және SpaceX компанияларын басқаратын және Twitter компаниясының иесі Илон Маск екінші сатыға жайғасты. Илон Маск соңғы бір жылда 39 млрд доллар жоғалтты. Қазір оның байлығы 180 млрд долларға бағаланған.

Үшінші орында 114 млрд доллар қаржысы бар америкалық Amazon корпорациясының иесі Джефф Безос тұр. Бұған дейін Forbes тізімінде екінші орында тұрған Безос Amazon акциялары 38%-ға төмен түскендіктен 57 млрд долларын жоғалтып, үшінші орынға тұрақтады. 

Сонымен қатар жаһанның ең бай адамдарының ондығына Oracle корпорациясының басшыларының бірі америкалық Ларри Эллисон ($107 млрд), Berkshire Hathaway компаниясының инвестициялық қорының басшысы Уоррен Баффет ($106 млрд), америкалық Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс ($104 млрд), АҚШ кәсіпкері Майкл Блумберг ($94,5 млрд), мексикалық Карлос Слим Элу ($93 млрд), үндістандық Reliance Industries басшысы Мукеш Амбани ($83,4 млрд) мен АҚШ-тың Microsoft компаниясының экс-бас директоры Стивен Балмер ($80,7 млрд) еніп отыр. 

Байлық Forbes Тізім Бернар Арно

Новости по теме