Placeholder
Фото: t.me/POLICE_of_KZ
Новости Казахстана17 сентября 2023, 14:36

Әйелді екі баласымен бірге өлтірген күдікті ұсталды

Полиция қызметкерлері анасын және оның кәмелетке толмаған балаларын өлтірген күдіктіні қолға түсірді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында 41жастағы Алматы қаласының тұрғыны анықталып, ұсталды.

«Аталған дерек Іле аудандық полиция бөлімінде ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы (екі немесе одан да көп адамды өлтіру) және 99-бабы 3-бөлігі (жас баланы өлтіру) бойынша тіркелді. Күдікті қылмыстың ізін жасыру мақсатында үйді өртеп жіберген. Қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу іс-шаралары жүргізілуде», - деді Алматы облысы ПД бастығы, полиция полковнигі Бауыржан Әленов.

Ұсталған күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алматы Қылмыс Күдікті Іле ауданы

Новости по теме