Новости Казахстана14 июня 2023, 17:50

Абай облысында орман өртінен қайтыс болғандардың туыстары жыл соңына дейін ұшақпен тегін қатынайды

Абай облысындағы өрт кезінде қаза болған орманшылардың отбасы мүшелері жыл соңына дейін ұшақпен тегін қатынайды, деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы «Самұрық-Қазына» компаниясы мәлімдеді. Енді 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін Семейдегі орман өрті кезінде опат болғандардың жақындары әуе рейстері арқылы қалаған бағытқа ақысыз билет ала алады.

Қаза болғандардың отбасы мүшелеріне Семейден Астана, Алматы, Шымкент қалаларына және кері бағытта 2023 жылдың соңына дейін тегін жүру мүмкіндігі берілді. Жалынды ауыздықтауға қатысып жатқан өрт сөндірушілерге біржолғы тегін ұшулар ұсынылып отыр, - делінген хабарламада.

Бұған дейін Абай облысының орман шаруашылығының қайтыс болған 14 қызметкеріне "Құрмет" ордені берілген еді. Сондай-ақ, олардың отбасына 7 млн теңгеден қаржылай көмек көрсетілетіні айтылды. 

Абай облысы Өрт Ұшақ

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!