Placeholder
Новости Казахстана13 июля 2023, 21:34

Абай облысында орман өрті толықтай сөндірілді

Абай облысындағы Бородулиха ауданындағы орман өрті толығымен ауыздықталды, деп хабарлайды Arbat.media.

"Семей орманы" МОТР ақпараты бойынша 13 шілде күні түскі уақытта Бородулиха ауданындағы орман өрті толығымен сөндірілген. Яғни, жану және бықсу шоқтар толық сөндіріліп, апат аумағы 60 000 гектарды құрап отыр. 

Естеріңізде болса, Абай облысында орман өрті 14 маусымда сағат 21.00-де оқшауланған болатын. 

Бұған дейін айтылғандай, ТЖМ күштері мен құралдары тұрақты жұмыс орындарына кеткен сәттен бастап оқиға орнында қайта өртену мүмкіндігін болдырмау мақсатында Экология және табиғи ресурстар министрлігінің орман өрт станциялары кезекшілік (қарауылдау) ұйымдастырды. Өрттің бүкіл периметрі бойынша патрульдеу жүргізіліп келді. 

Өрт көлемінің одан әрі ұлғаймай, таралуы тоқтағаннан кейін ғана оның оқшауланғаны хабарланатынын атап өткен жөн.

Бұл ретте, өрттің қайта жануына жол бермеу бойынша шаралар қабылданып, оның жануы тоқтаған кезде өрт сөндірілді деп есептеледі.  

семей орманы Өрт

Новости по теме