Новости Казахстана14 декабря 2022, 21:27

Абаев Кенесары ханның бас сүйегін елге қашан әкелетінін айтты

Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Кенесары ханның туғанына 220 жыл толуына орай оның басы елге қашан жеткізілетіні туралы айтты, деп хабарлайды arbat.media.

Осыған дейін Кенесары ханның бас сүйегінің табылғаны туралы кейбір дереккөздер хабарлаған болатын. Алайда бұл сұраққа қатысты министр Дәурен Абаев жауап беріп, ақпаратты жоққа шығарды.  

"Әзірге Кенесарының басы табылған жоқ. Қалай табылады, бірден елге әкелеміз. Әкелуі үшін бірінші оны табу керек", - деді Абаев.

Қазақтың соңғы ханы, ұлт азаттығы үшін күрескен Кенесары Қасымовтың туғанына биыл 220 жыл толды. Халық арасында оның бас сүйегін туған жеріне әкелу туралы бірнеше рет бастама көтеріліп, Ресей музейлерінен сұрау салған еді. Алайда ханның басын елге әкелу туралы бастасы аяқсыз қалып келеді. 

 

Кенесары Дәурен Абаев министр Тарих

Новости по теме