Новости Казахстана19 сентября 2023, 14:10

15 қарашаға дейін қалаған емханаға тіркелуге болады

Елімізде жылда 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін емхананы еркін таңдау науқаны өтеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Астана қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айнұр Төлеуова: 

Емханасына көңілі толмайтын немесе тұрғылықты мекенжайын ауыстырған жағдайда немесе басқа себептерге байланысты емдеу мекемесін таңдауға бұл жақсы мүмкіндік.  Бірақ тұрғылықты аумақ шегін ұмытпаған жөн. Мәселен Астанада 5 аудан болса, әр адам өз ауданындағы емханалар арасында таңдау жасай алады. Үй жағдайында медициналық көмекті де емхана өзінің қызмет көрсету аумағында жүзеге асырады. Кішкентай баласы барлар, жүкті әйелдер, мүмкіндігі шектеулі жандар осыны ескеруі керек. Оларға консультатив-диагностика, күндізгі стационар және әлеуметтік көмек көрсетіледі.

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қызмет пакетін ала бастайды, яғни 31 желтоқсанға дейін бұрын тіркелген емханаға қаралуды жалғастырады.

Емхана таңдау денсаулық сақтау

Новости по теме