Жібек Құламбаева жұптық сында челленджер турнирінің ширек финалына шықты
Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Италияның Бари қаласында өтіп жатқан челленджер турнирінің ширек финалына шықты, - деп хабарлайды Arbat.media.
Ол франциялық Кароль Моннемен бірге бастапқы кездесуін италиялықтар Джорджия Педоне – Дженнифер Руггеримен өткізді.
Қазақстандық-франциялық жұп 6:2, 6:7 (8:10), 10:2 есебімен басым түсті.
Ж.Құламбаева – К.Монне жартылай финалға шығу үшін испаниялық Марина Бассольс – бразилиялық Лаура Пигоссимен бәсекеге түседі.
Айта кетсек, бір апта бұрын Ж.Құламбаева польшалық Мартина Кубкамен бірге Прагада ITF жарысында жеңіске жеткен.
Поделиться
Читать Arbat media в