Зарина Диас үлкен спортқа қайта оралады
Қазақстандық теннисші Зарина Дияс кортқа қайта оралатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы ол әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. 29 жастағы Дияс соңғы бір жарым жылда екі матч қана өткізген.
Ол Australian Open-2022 додасында алғашқы айналымда отандасы Елена Рыбакина есе жіберген еді. Ал өткен жылы Ролан Гаррос турнирінің іріктеу сайысында ұтылып қалған болатын.
Ұзаққа созылған жарақатына байланысты әлемнің бұрынғы 31-ракеткасы кортқа орала алмай жүрген болатын.
Достар, бәріңізге сәлем! Мен әлі қалпыма келіп жатырмын. Көгалдағы маусымда ораламын ба деп едім, өкінішке қарай, қалпыма келуге көп уақыт кетті. Бәріңізге мәлім, мен иығымнан жарақат алғанмын. Бәрі ойдағыдай жүріп жатыр, хард төсенішінде АҚШ-та өтетін жарыстарға (шілденің аяғы) қосыламын ба деп отырмын, - деп жазды Зарина Instagram парақшасында.