Юлия Путинцева WTA 250 турнирінің ширек финалына шықты
Қазақстанның екінші, әлемнің 88-ракеткасы Юлия Путинцева Жапонияда WTA 250 турнирінің ширек финалына шықты, - деп хабарлайды Arbat.media.
Қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 171-орында тұрған ресейлік Валерия Савиныхпен бақ сынасты.
Путинцева 6:1, 6:2 есебімен оңай жеңіске жетті.
Қазақстандық спортшы бір сағат 19 минутқа созылған кездесуде 1 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың бесеуін қолданды.
В.Савиных 1 эйспен ғана шектелді.
Юлия Путинцеваның ширек финалдағы қарсыласы кейін анықталады.
Поделиться
Читать Arbat media в