Спорт24 сентября 2023, 2:39

XIX жазғы Азия ойындары салтанатты түрде ашылды

Қытайдың Ханчжоу қаласында XIX жазғы Азия ойындары салтанатты түрде ашылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Спорт шарасына Азия Олимпиада кеңесі (АОК) құрамындағы 45 елден 12 500-ден астам спортшы келеді.

Бұл - рекордтық көрсеткіш.

Салтанатты шараның ашылуында еліміздің атынан бокстан ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов пен биіктікке секіруден көшбасшымыз Надежда Дубовицкая ту ұстап шықты.

Ханчжоу қаласында 30 спорт түрінен 524 қазақстандық (262 ер, 262 әйел) саңлақ бақ сынайды.

Сегіз спорт түрінен Париж олимпиадасына жолдама беріледі. 40 спорт түрінен жүлдеге таласады.  

51 жарыс алаңында сайыс өткізіледі. Оған 14 жаңа кешен салынған.

Ханчжоу көптеген спорт түрінен жарыс қабылдайды, ал кейбір жарыс Дэцин, Цзиньхуа, Нинбо, Шаосин мен Вэньчжоуда өткізіледі. 

XIX жазғы Азия ойындары Қытай ашылу рәсімі Қазақстан ұлттық құрамасы

Новости по теме