Үстел теннисінен Қазақстан командасы Азия чемпионатының ширек финалына өтті
- Пхенчханда (Оңтүстік Корея) үстел теннисінен 26-шы Азия чемпионаты басталып, командалық есепте Қазақстан құрамасы 1/4 финалға өтті, деп хабарлайды Arbat.media olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев, Айдос Кенжіғұлов, Владислав Захаров, Сарвиноз Миркадирова, Анастасия Лаврова, Зәуреш Ақашева, Ангелина Романовская бағдарламаның бұл түрінде ел намысын қорғайды.
Қазақстандық спортшы қызда Бангладешті 3:0, Непалды 3:0, Өзбекстанды 3:0, ал ерлер Непалды 3:0, Бангладешті 3:0, Қырғызстанды 3:0, Таиландты 3:2 есебімен жеңді.
Келесі раунд бүгін өтеді.
Поделиться
Читать Arbat media в