Placeholder
Спорт30 июня 2023, 22:55

Уимблдон турниріндегі Қазақстан теннисшілерінің қарсыласылары анықталды

Бүгін Лондонда әйелдер және ерлер арасында жекелей сында Уимблдон турнирінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Arbat.media ҚР теннис федерациясына сілтеме жасап. 

Еліміздің көшбасшы ойыншысы, жарыстың үшінші ракеткасы болып тіркелген Елена Рыбакина алғашқы кездесуін америкалық Шелби Роджерспен өткізетін болды. 

Ал Юлия Путинцева бірінші айналымда әлемнің 13-ракеткасы, бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен шеберлік байқаспақ.

Сондай-ақ, Қазақстанның ерлер арасындағы бірінші, әлемнің 27-ракеткасы Александр Бублик америкалық, Астанада челленджер жарысының чемпионы атанған Маккензи Макдональдпен кездеседі деп күтілуде. 

Уимблдон Теннис спорт

Новости по теме