Placeholder
Спорт26 июня 2023, 19:45

Тимофей Скатов Уимблдон турнирінің іріктеу сынына қатысады

Қазақстанның екінші, әлемнің 138-ракеткасы Тимофей Скатов Уимблдонда іріктеу турнирінде бақ сынайды, деп хабарлайды Arbat.media.

Қазақстандық теннисші бүгін алғашқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 187-орында тұрған бельгиялық Киммер Коппеянсқа қарсы өткізеді. 

Биылғы үшінші "Үлкен дулыға" турниріне Қазақстаннан Елена Рыбакина, Юлия Путинцева және Александр Бублик қатысады деп күтіліп отыр.

Ал жұптық сында Анна Данилина, Александр Недовесов және Андрей Голубев Уимблдон кортына шығады.

Теннис Тимофей Скатов

Новости по теме