Теннисші Аружан Сағындықова әлем рейтингінде 36 сатыға көтерілді
Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңа рейтинг жариялады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Елена Рыбакина 4-орынға, Юлия Путинцева 79-дан 78-ге көтерілді.
Ал 18 жастағы Аружан Сағындықова рейтингте белсенді өскен, яғни 871-ден 835-ке шықты.
Рейтингте польшалық Ига Швентек, белоруссиялық Арина Соболенко, АҚШ-тан Джессика Пегула үздік үштікте.
Жұп сында чехиялық Катержина Синякова, Барбора Крейчикова мен австралиялық Сторм Хантер топ алдында.
Қазақстаннан Анна Данилина 28-ден 29-ға төмендесе, Е.Рыбакина 111-ден 110-ға, Жібек Құламбаева 178-ден 176-ға ауысты.
Ал енді кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) рейтингісі сол қалпы деуге болады.
Поделиться
Читать Arbat media в