Спорт16 сентября 2023, 11:30

Теннис: Аружан Сағындықова турнирдің жартылай финалына өтті

Қазақстандық, әлемнің 829-ракеткасысАружан Сағындықова Монастир ITF W15 турнирінің жартылай финалына өтті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қазақстандық теннисші үш кездесуін сәтті өткізді.

Ол алдымен үндістандық Смрити Бхасинді 6:2, 6:3 есебімен жеңіп, кейін даниялық Элина Ямшидиді шаң қаптырды – 6:0, 6:3.

А.Сағындықова ширек финалда дүниежүзілік рейтингте 1319-орында тұрған словакиялық Лаура Цилекованы 6:3, 6:3 есебімен жеңді. 

Аружан финалға шығу үшін әлемнің 880-шы, доданың 6-ракеткасы, литвалық Андре Лукошютемен таласады.

Аружан Сағындықова Тунис Турнир по теннису

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!