Спорт3 июля 2023, 0:13

Тараздық Ғалымжан Қырықбай "Қазақстан барысы-2023" турнирінің жеңімпазы атанды

Астана күніне орайластырылған қазақ күресінен «Қазақстан барысы – 2023» республикалық турнирінің жеңімпазы анықталды, деп хабарлайды Arbat.media

Ақтық белдесуде Маңғыстау облысының палуаны Нұрдәулет Жарылғапов пен күштік құрылымдар арасында өткен «Әскер Барысы» турнирінің  жеңімпазы Ғалымжан Қырықбай күш сынасқан болатын. Нәтижесінде «Алтын белбеу» мен 25 миллион теңге Ғалымжан Қырықбайға бұйырды. «Қара Бура» лақап атымен танымал палуан Нұрдәулет Жарылғапов «күміс белбеуді» екінші жыл қатарынан місе тұтуына тура келді.

Ал үшінші орын үшін белдесу Павлодар облысының палуаны Мұхтар Дәлелханұлы мен «Әскер Барысы» турнирінің  жеңімпазы Марат Байкамуров арасында өтті. Белдесу нәтижесі бойынша Мұхтар Дәлелханұлы қола белбеу иегері атанды. 

Осылайша 1 орын алған Ғалымжан Қырықбай (Әскер барысы, 145 кг), 25 млн теңгеге иелік етсе, 2 орын иегері Нұрдәулет Жарылғаповқа (Маңғыстау облысы, 155 кг ), 5,5 млн теңге табысталды. Ал 3 орынға тұрақтаған Мұхтар Дәлелханұлы (Павлодар облысы, 115 кг), 1,8 млн теңгемен қайтты.

Биыл қатысушылардың жалпы саны – 41 палуан: әр өңірден екі спортшыдан, сондай-ақ «Әскер Барысы» күш құрылымдары арасындағы турнирдің және өткен жылғы іріктеудің жеңімпаздары қатысқан болатын. 
 

Ғалымжан Қырықбай Қазақстан барысы Қазақ күресі

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!