Placeholder
Фото: ҚР шахмат федерациясынан
Спорт11 сентября 2023, 9:40

Шахмат: Қазақстан қыздар құрамасы финалға шықты

Қазақстан шахматтан әйелдер арасындағы командалық әлем чемпионатының финалына шықты, - деп хабарлайды Arbat.media«Шредингер спорты» Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Бұған дейін қазақстандық шахматшы қыздар жартылай финалға өткенін.

Бұл кезеңде ҚР құрамасы Франциямен ойнап, жеңіске жетті.

Ұлттық құрама сапында Бибісара Асаубаева, Ксения Балабаева, Әсел Серікбай, Меруерт Камалиденова, Алуа Нұрманова және Әмина Қайырбековалар бар. Ақтық сында олар АҚШ-ты жеңген Грузиямен кездеседі. Матч 11 қыркүйек күні сағат 18:00-де өтеді.

 

Шахмат Әлем чемпионаты Қазақстан Қыздар

Новости по теме