Placeholder
Спорт13 июля 2023, 19:22

Рыбакина Уимблдондағы жеңілісінің себебін түсіндірді

Теннистен әлемнің 3-ракеткасы Елена Рыбакина өзінің Уимблдондағы ойынын бағалап, пікір білдірді, деп хабарлайды Arbat.media.

Турнирдің баспасөз концеференциясында қазақстандық теннисші тунистік Онс Жабермен ширек финалдағы матчтың қиын болғанын айтты.

Ойын ауыр болғанымен, мен мұнда тамаша екі апта өткіздім. Маған жанкүйерлердің қарсыласымды көбірек қолдағаны әсер ете қойған жоқ. Мен оған назар аудармадым. Өткен жылғы финалмен салыстырғанда, ол сәттірек ойнады. Өзімде де, әсіресе, екінші сетте көптеген мүмкіндіктер болды. Алайда менің басты қаруым саналатын доп берудегі дәлдігім жетіспеді. Есесіне ол шешуші сәттерде өте дәл ойнай білді. Жарысқа чемпион ретінде келу мен үшін жаңаша болды. Мен алғашқы матчтарымды табысты өткізгеніме мақтанамын, өйткені солардың өзі оңайға түскен жоқ. Әр ойын сайын күшті бола түстім. Енді Америкадағы турнирлер алдында жұмыс жасауым керек. Осы екі аптадан оң тәжірибе жинадым. Биыл ата-анамның осында келе алғанына қуаныштымын. Кішкене демалып, сосын дайындыққа кірісемін деп үміттенемін, - деді Рыбакина.

Биыл төртінші «Үлкен дулыға» турнирі – АҚШ ашық чемпионаты 28 тамыз – 10 қыркүйек аралығында өтеді жоспарланған. Ал бұған дейін отандасымыз Аустралияның ашық чемпионатында финалға шықса, Франциядағы турнирде іріктеу кезеңдерінде денсаулығына байланысты жарысты аяқтағане еді. 

Елена Рыбакина Теннис

Новости по теме