Рыбакина әлемдік рейтингте өз орнын сақтап қалды
Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) жаңартылған рейтингісінде Елена Рыбакина үшінші орнын сақтап қалды, деп хабарлайды Arbat.media.
Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина Польша өкілі Ига Швентек пен белоруссиялық Арина Соболенкодан кейінгі тізімді жалғастырды.
Отандасымыз алдағы күндері Берлин WTA 500 турнирінде сынға түседі. Бұдан бөлек, тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева 51-ші орыннан алға қарай бір саты жоғарылады.
Ал жұптық сын бойынша қазақстандық Анна Данилина 24-орныда қалды.
Поделиться
Читать Arbat media в