
Спорт•13 сентября 2023, 19:38
Ресейлік екі конькиші Қазақстан азаматтығын алды
Кристина Силаева мен Елизавета Голубева енді Қазақстан атынан шығатын болды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Шредингер спорты Telegram арнасы жариялады.
Қос спортшы жарыстарға Қазақстан атынан тек 2025 жылы ғана қатыса алады.
Себебі азаматтықты ауыстырғаннан кейін 24 айға шектеу қойылған.
Голубева – көпсайыстан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы, командалық спринттен Еуропа чемпионы, масс-старттан Ресей чемпионы.
Ал Силаева - 500 метр қашықтықта Ресей чемпионы.
Поделиться
Читать Arbat.media в