Ресей 2024 жылы Паралимпиадада бейтарап тумен қатыса алады
Ресейлік спортшылар 2024 жылы Парижде өтетін Паралимпиада ойындарына бейтарап ту астында қатыса алады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Мұндай шешімді Халықаралық Паралимпиада комитетінің мүшелері қабылдады.
Олар ресейлік спортшылардың Паралимпиада ойындары бағдарламасынан толықтай шығарылуын жойды.
74 елдің спорт қауымдастығы қолдап, 65-і қарсы, 13-і қалыс қалды.
ХОК мүшелері ресейлік спортшылар Паралимпиада ойындарында бейтарап ту астында өнер көрсетеді деп шешті.
Әзірге жарыстан шеттетілген Беларусь спортшылары туралы шешім бөлек қабылданады.
Поделиться
Читать Arbat media в