Қазақстандық қос дзюдошы Астана Гранд Слэмінде қола жүлдегер атанды
Елордада өтіп жатқан Qazagstan Barysy Grand Slam турнирінде қазақстандық қос балуан 73 келіде қола медаль иеленді, деп хабарлайды Arbat.media.
Кешегі сында Данияр Шамшаев пен Асқар Нарқұлов қола жүлдеге қол жеткізіп отыр.
Д. Шамшаев 73 келіге дейінгі салмақта отандасы Жансай Смағұловпен татамиге шығып, басым түсті. 23 жастағы Асқар Нарқұлов дәл осы салмақта қола жүлде үшін бәсекеде өзінен екі жасқа кіші грузиялық Джорджи Терашвилимен өзара мықтыны анықтады. Бұл кездесуде шидомен грузиялық спортшы жарыстан шеттетілді. Осылайша жеңіс Асқар Нарқұловқа бұйырды.
Бұған дейінгі сындарда 60 келіде Мағжан Шамшадин топ жарса, 66 келіде Ғұсман Қырғызбаев күміс медальға ие болды.
Поделиться
Читать Arbat media в