Placeholder
Спорт19 июня 2023, 22:39

Қазақстан теннисшілері халықаралық бірнеше сында үздік нәтиже көрсетті

Қазақстандық теннисшілер апта басында бірнеше жарыста қатысып, табысты өнер көрсетті, деп хабарлайды Arbat.media ҚР теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жұптық сын бойынша еліміздің бірінші ракеткасы Александр Недовесов Хертогенбос (Нидерланд) ATP 250 турнирінің финалында есе жіберді. Ол эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге соңғы бәсекеде жарыстың 1-ракеткалары, әлемдік рейтинг көшбасшылары, нидерландылық Уэсли Колхоф – ұлыбританиялық Нил Скупскимен бас жүлдені сарапқа салған болатын.  Аталмыш матчта нидерландылық-ұлыбританиялық жұп 7:6 (7:1), 6;2 есебімен жеңіске жетті. Қазіргі уақытта Недовесов ATP Live рейтингісінде 59-дан 53-орынға көтерілді. 

Сондай-ақ, тағы бір қазақстандық теннисші, әлемнің 256-ракеткасы, қазақстандық Бейбіт Жұқаев Пальмас дель Мар (Пуэрто-Рико) челленджер турнирінің финалына жете алмады. Отандасымыз жартылай финалда дүниежүзілік рейтингіде 1118-орында тұрған америкалық Майкл Чженмен кездескен болатын.

Чжен рейтингте төмен тұрғанына қарамастан, ширек финалда әлемнің 224-ракеткасы, канадалық Алексис Галарноны 6:3, 0:6, 6:3 есебімен жеңіп кеткен еді.Бірінші партияда Бейбіт 6:3 есебімен басымдылық танытқанымен, содан кейін таразы басы америкалық теннисшінің пайдасына шешілді. 

Бұдан бөлек, отандасымыз Григорий Ломакин Иран астанасы Тегеранда өткен ITF M15 жарысында чемпион атанды. 

Турнирдің бірінші ракеткалары болып тіркелген Г.Ломакин мен ресейлік Егор Агафонов финалда үндістандықтар Ишаке Экбал – Яш Чаурасиямен кездескен еді. Қазақстан мен Ресей теннисшілер жұбы бұл сында 7:5, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Айта кететін бір жайт, қазіргі уақытат Григорий Ломакин жұптық сында ATP Live рейтингісінде 247-ден 246-орынға көтерілді.

  

 

Қазақстан Теннис Нәтиже

Новости по теме