Спорт8 сентября 2023, 11:40

Қазақстан құрамасы Финляндиядан жеңіліп тынды

Қазақстан футбол құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирі аясында Финляндия құрамасымен кездесіп, 0:1 есебімен жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Іріктеу кестесінде өз тобы бойынша екінші орында тұрған ұлттық құраманы көш басындағы қарсыластарымен болатын маңызды ойында қолдауға келген жанкүйерлер «Астана Арена» стадионын лық толтырды, деп ижазады ҚазАқпарат.

Ойынға бас төрешісі румын Раду Петрескуге отандастары Раду Гингуляк пен Мирча Григориу, Марцел Бирса көмектесті.

Қазақстан футболшылары салған жерден өз алаңдарында атой салуға ниетті екенін көрсетіп, допқа иелік етуге талпынған. Бірақ финдер де мұндай қарсылыққа іштей дайындалып келгенін аңдатып, алаң иелерін тұсап бақты. Бірте-бірте қазақстандық футболшылар өздеріне үйреншікті «екінші нөмірмен» ойнауға көшкен. Оқтын-оқтын қарымта шабуылдардың бірі голмен аяқтала жаздады. Абат Айымбетовтің қиғаштай берген пасы Бақтиер Зайнутдиновті тапқан. Айып алаңының жиегінен жасаған соққы қақпадан сәл биік кетті.

ағы бір сәтте Асхат Тағыбергеннің еппен тастаған добы Исламбек Қуатты қақпашымен бетпе-бет қалдыратындай мүмкіндік туындатқан. Бірақ қорғаушы мұндай ұрымтал сәтке дайын болмай шықты.

Алаң қонақтары аса сақ қимылдап, позициялық шабуылдарға иек артты. Соның арқасында болса керек, бірінші таймның өзінде финдер 4 рет бұрыштан доп көтерді.

Ойын барысында Теэму Пукки қақпашы Игорь Шацкидің бабын тексеріп алды. Қақпашының шалт қимылына жанкүйерлер қиқумен алғыс білдірді.

Абат Айымбетовтің сол қапталдан ішкерілей кірген қимылы қонақ команданың қорғаушыларын екі рет қатты састырды. Оның біріншісінде соққы әлсіз шықса, екінші талпынысын қорғаушы дер кезінде жауып үлгерді.

Қосымша уақыттың үшінші минутында қазақстандықтар позициялық шабуыл ұйымдастырып баққан. Одан да нәтиже шықпады. Ақырғы екі минут Финляндияның жарты алаңында өтті деуге болады. Осылайша финдер топтағы бірінші орнын сақтап қалды.

Қазақстан құрамасы Жеңіліс Астана Арена

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!