Қазақстан дзюдошылары Ұлан-Батыр Гранд Слэмінде белдеседі
23-25 маусым аралығында Моңғолия астанасы Ұлан-Баторда дзюдодан Grand Slam жарысы өтеді, деп хабарлайды Arbat.media.
Аталған әлемдік жарыста Қазақстан намысын қорғайтын спортшылардың есімі белгілі болды.
Ерлер:
1. Нұрқанат Серікбаев (-60кг)
2. Шерзод Давлатов (-60кг)
3. Ғұмар Қырғызбаев (-66кг)
4. Ғұсман Қырғызбаев (-66кг)
5. Данияр Шамшаев (-73кг)
6. Жансай Смағұлов (-73кг)
7. Руслан Мұсаев (-81кг)
8. Абылайхан Жұбаназар (-81кг)
9. Ермахан Әнуарбеков (-90кг)
10. Аян Байғазы (-90кг)
11. Нұрлыхан Шархан (-100кг)
12. Бекзат Шағатаев (-100кг)
13. Әділ Оразбаев (+100кг)
14. Нұрсұлтан Қаблан (+100кг)
Әйелдер құрпмасынанҒалия Тынбаева, Аруна Жангелдина, Камила Берліқаш белдесетін болды.
Айта кетерлігі, бұл додаға 45 елдің 350 дзюдошысы қатысады деп жоспарланған.