Спорт30 сентября 2023, 17:15

Қамшыбек Қоңқабаев Азия ойындарының 1/2 финалына өтті

Азия ойындарында қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев жартылай финалға жолдама алды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қазақстандық боксшы аса ауыр салмақ санатында бахрейндік Данис Латыповпен күш сынасты.

Қамшыбек үшінші раундта нокдаун алып қалғанына қарамастан, қарсыласын ұтты. Төрешілер есебі – 5:0.

Осылайша, Қ.Қоңқабаев кемінде қола медаль алады.

Азиада 2023 Қамшыбек Қоңқабаев Финал

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!