Placeholder
©instagram.com/cristiano/
Спорт31 августа 2023, 11:12

Криштиану Роналду жаңа әлемдік рекорд орнатып, футбол тарихына енді

Сауд Арабиясы «Әл-Наср» және Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду жаңа әлемдік рекорд орнатып, футбол тарихына енді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Сауд Арабиясы чемпионатының төртінші турындағы «Аль-Шабаб» клубына қарсы ойында Роналду ұлттық лигалардағы 516-шы және 517-ші голды соғып, дубль жасады.

Осылайша, португалиялық ұлттық лигалардағы голдары бойынша әлемдік футбол тарихындағы ең үздік сұрмерген атанды, деп хабарлайды Халықаралық футбол тарихы және статистикасы федерациясы (IFFHS).

Криштиану рекордты ұзақ уақыт ұстаған Йозеф Бицан мен Ференц Пушкашты басып озды (әрқайсысы 515 голдан).

 

Криштиану Роналду футбол Рекорд IFFHS

Новости по теме