Спорт1 сентября 2023, 10:05

Футболдан UEFA Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің жеребесі тартылды

Футболдан UEFA Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің жеребесі тартылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Топтық кезеңде барлығы 32 команда сегіз топқа төрт-төрттен бөлінген. Әрбір топтан үздік шыққан екі команда жарыстың 1/8 финалына жолдама алады.

А тобы: «Бавария» (Германия), «Манчестер Юнайтед» (Англия), «Копенгаген» (Дания), «Галатасарай» (Түркия);

В тобы: «Севилья» (Испания), «Арсенал» (Англия), ПСВ (Нидерланд), «Ланс» (Франция);

С тобы: «Наполи» (Италия), «Реал Мадрид» (Испания), «Брага» (Португалия), «Унион Берлин» (Германия);

D тобы: «Бенфика» (Португалия), «Интер» (Италия), «Ред Булл Зальцбург» (Австрия), «Реал Сосьедад» (Испания);

E тобы: «Фейеноорд» (Нидерланд), «Атлетико Мадрид» (Испания), «Лацио» (Италия), «Селтик» (Шотландия);

F тобы: «Пари Сен-Жермен» (Франция), «Боруссия Дортмунд» (Германия), «Милан» (Италия), «Ньюкасл» (Англия);

G тобы: «Манчестер Сити» (Англия), «РБ Лейпциг» (Германия), «Црвена Звезда» (Сербия), «Янг Бойз» (Швейцария);

H тобы: «Барселона» (Испания), «Порту» (Португалия), «Шахтер Донецк» (Украина), «Антверпен» (Бельгия).

Топтық кезеңнің алғашқы ойыны 19-20 қыркүйек күндері өткізілсе, екінші тур - 3-4 қазан, үшінші тур - 24-25 қазан, төртінші тур - 7-8 қараша, бесінші тур - 28-29 қараша, алтыншы тур - 12-13 желтоқсан күндеріне белгіленген.

Ал 1/8 финал 2024 жылдың 13-14, 20-21 ақпан, 5-6, 12-13 наурыз күндерінде ойналса, 1/4 финал - 9-10, 16-17 сәуір, жартылай финал - 30 сәуір - 1 мамыр, 7-8 мамыр күндеріне белгіленген.

Үздік командалар 1 маусымда Англия астанасы Лондон қаласындағы «Уэмбли» стадионында финалдық ойында кездеседі.

UEFA Чемпиондар лигасы футбол топтық кезең

Новости по теме