Placeholder
Фото: ҚФФ
Спорт21 сентября 2023, 21:00

ФИФА: Қазақстан футболшылары ТОП «жүздікте»

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) әлемдегі ұлттық құрамалардың жаңартылған рейтингін ұсынды, - деп хабарлайды Arbat.media

Бұл туралы Sports.kz порталына жариялады. 

ТОП-3 өзгеріссіз қалды: Аргентина көш бастап тұрса, одан кейін Франция мен Бразилия орналасқан. Алдыңғы "ондықтағы" Португалия мен Италия құрамалары орын алмастырды.

Қазақстан ұлттық құрамасы бұған дейінгі рейтингімен салыстырғанда 4 саты жоғары көтеріліп, 100-ші орынға тұрақтады.

Магомед Адиев жаттықтыратын футболшыларымыз қыркүйек айында 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу аясында өз алаңында екі матч өткізген еді: олар Финляндиядан жеңіліп (0:1), Солтүстік Ирландияны (1:0) ұтты.

ФИФА рейтинг Ұлттық құрама

Новости по теме