Placeholder
Спорт29 июня 2023, 16:08

Елена Рыбакина Уимблдон турнирінде әлімнің үшінші ракеткасы ретінде сынға түседі

Қазақстанның көшбасшы теннисшісі Елена Рыбакина Уимблдон турнирінде үшінші ракетка болып тіркелді, деп хабарлайды Arbat.media.

Дүниежүзілік рейтингіде де үшінші сатыда тұрған қазақстандық теннисші өткен жылғы чемпиондық атағын қорғамақ. 

Сондай-ақ, Қазақстанның ерлер арасында – бірінші, әлемнің 27-ракеткасы Александр Бублик Уимблдонда алғаш рет таңдаулылар қатарында бақ сынағалы отыр. Жуырда Галледегі ірі жарыста тамаша өнер көрсетіп, жеңімпаз атанған Бублик жарысқа 24-ракетка болып қосылады деп күтілуде. 

Теннис Уимблдон Рыбакина

Новости по теме