Placeholder
Спорт8 июня 2023, 22:07

Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің үшінші ракеткасы атанады

Еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина алдағы дүйсенбіде  әлемдік рейтингіде үздік үштікке кіреді, деп хабарлайды Arbat.media.

Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі мәліметінше, қазір Рыбакина WTA Live тізімінде 4-тен 3-орынға көтерген. 

Топ-үштікке «Ролан Гаррос» турнирінің қорытындысы бойынша Елена Рыбакинаның алдына әлемнің 7-ракеткасы, тунистік теннисші Онс Жабер кіруі мүмкін еді. Алайда ол ширек финалда әлемнің 14-ракеткасы, бразилиялық Беатрис Хаддад Майяға  6:3, 6:7 (5:7), 1:6 есебімен жеңілді. 

Осыдан кейін Елена Рыбакина Польша өкілі Ига Швентек пен Беларусь өкілі Арина Соболенкодан кейінгі үшінші орынға көтеріледі деп күтілуде. 

ҚР теннис федерациясының өкілдері Рыбакинаның ресми түрде алдағы дүйсенбіде әлемнің үшінші ракеткасы атанғалы тұрғанын атады.

Елена Рыбакина Теннис спорт

Новости по теме