Спорт13 сентября 2023, 13:00

Азия ойындары жүлдегерлеріне қосымша сыйақы тағайындалды

Қазақстанның бокс федерациясы бокстан ерлер және әйелдер құрамасының 2023 жылғы Азия ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне сыйақы тағайындады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Сыйақылардың мөлшері федерацияның Instagram парақшасында жарияланды.

Азия ойындарында алтын медаль $50 мың;

Күміс жүлдеге - $30 мың;

Қола медальға $10 мың.

Министрлік Азия ойындарының чемпионы атанған спортшыға $10 000 көлемінде сыйақы бермек.

Алтын медаль иегерін жарысқа дайындаған жаттықтырушы $5000  алады.

Құрлық біріншілігінің күміс жүлдегері $5000, ал жаттықтырушысы $3000 көлемінде сыйақы алады.

Қола медаль алған құрама спортшысына $3000, ал оның жаттықтырушысына $2000 көлемінде сыйақы беріледі.

Бокс федерациясы қосымша сыйақы Азия Ойындары

Новости по теме