Спорт30 сентября 2023, 16:00

Азиада: Үш қазақстандық финалға шықты

Азия ойындарында қазақстандық үш спортшы финалда өнер көрсетеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігі жариялады.

1000 метр қашықтыққа байдаркада есуден өнер көрсеткен Кирилл Тубаев іріктеу кезеңінде 2-орын алып, финалға жолдама алды.

500 метр қашықтыққа қос байдаркадан әйелдер арасындағы іріктеу кезеңінде Ирина Подойникова мен Ольга Шмелева 1:49.240 уақытпен 1-орын алып, финалға шықты.

Ақтық кезеңге сондай-ақ Игорь Ряшенцев пен Андрей Ергучев өтті. Олар 500 метр қашықтыққа қос байдаркадан ерлер арасындағы іріктеу кезеңінде 1:38.338 уақытты көрсетіп 2-орын алды.

Ал 1000 метр қашықтыққа каноэда есуден Тимофей Емельянов 4:10.107 уақыт көрсеткішімен 4-орынға ие болып, 1/2 финалда өнер көрсетуге мүмкіндік алды.

Азиада 2023 Қазақстан ұлттық құрамасы

Новости по теме