Спорт1 октября 2023, 15:25

Азиада: Сағындық Тоғамбай бокстан қола жүлде алды

Азиада ойындарында Қазақстан ұлттық құрамасы қоржынына 22-ші қола медаль түсті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бокстан 1/2 финалда жерлесіміз Сағындық Тоғамбай алаң қожайыны Хан Сюэчжэньмен өткен айқаста жеңіліп, қола медаль алды, - деп жариялады туризм және спорт министрлігі.

Наталья Богданова 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің ширек финалында Моңғолия өкілі Цэцэгдари Мягмарсурэнмен жұдырықтасып, төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіске жетті.

Нәтижесінде ол құрлық біріншілігінің жартылай финалына шығып, өзін кемінде қола жүлдемен қамтамасыз етті.

Сағындық Тоғамбай Азиада 2023 бокс қола жүлде

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!